«Математикалық ойын алаңы»
14:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта кез келген уақытта келуге болады. Ойындар мен түрлі басқатырғыштардан тұратын 10 түрлі станция болады. Барлығы бір уақытта жұмыс істейді. Тапсырмалардың күрделілік деңгейі 3 жастан асқан балаларға арналған. Күрделі деңгейлерде ересектерге де өз күштерін сынап көру қызықты болады. Станцияларды кез келген ретпен және өз ыңғайларыңызға қарай өтуге болады. Жарты сағатқа да келуге болады, сондай-ақ барлық 3 сағат бойы қатысуға да болады.