«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан
Биылғы оқу жылында 5, 6, 7, 8, 10-сынып оқушылары оқу жылының соңында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан тапсырады. Қазақ тілінен емтихан Мемлекеттік білім стандартына сәйкес (тыңдау, айтылым, оқылым, жазылым) жазбаша және ауызша нысанда білім алушылардың пәндік бағдарламалардың мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау үшін жүргізіледі.