Алматы қаласы Білім басқармасының
«А.С.Пушкин атындағы №4 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-29-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 337-70-86
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2025

«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында және 2025 жылғы 13 қыркүйекте қала күніне орай жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Территорияны тазарту бойынша сенбілік өткізу үшін аумақты жалпы жинау жоспары жасалып, әр сыныпқа белгілі бір аумақ бекітіліп, сол аумаққа жауапты мұғалімдер тағайындалды, сенбілік жұмыстары барысында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.

Қажетті құрал-саймандармен қаруланған оқушылар мен ұстаздар мектеп аумағын ретке келтірді: қоқыс жинады, ағаш бұтақтарын қиды, раушан гүлзарын қысқа дайындады. Бірнеше сағаттың ішінде ортақ күш-жігердің арқасында мектеп аумағы жаңарып, тазарып, көркейіп шыға келді.

Біздің мектептегі сенбілік – бұл тек аумақты абаттандыру мен тазарту шарасы ғана емес, сонымен қатар ұжымның бірлігін арттыратын тамаша мүмкіндік.

-->
-->