12
желтоқсан
2024
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.
"Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" даналық сағаты
"Аталар мектебі" жоспары негізінде ұл балалардың жеті аталары туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге үйрету мақсатында А.С. Пушкина атындағы №4 гимназиясында 5-7 сыныптың ұл балаларының арасында Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" даналық сағаты болып өтті. Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі. Дәл осы тақырыпта «Тегін білмеген – тексіз» (Таныстыру), «Шежіре сыр шертеді» (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық),«Көңілі ояу, көзі ашық» (Сұрақ - жауап),« Жігітке 7 өнер де аз» кезеңдері бойынша сайыскерлеріміз сынға түсті. Нәтижесінде жеңіске жеткен, барлық кезеңдерден сүрінбей өткен топтар мадақтамамен марапатталды. Бұл іс-шарадан қатысушылар да, көрермендер де жеті атаны білу- ұлыстың ғұмырнамасы, қазақы салт пен сананың сары сандығы, жөн-жоралғының бұлжымас ережесі, қан мен тек тазалығының кепілі екендігін білді.