Мектеп тарихы. » КГУ "Гимназии №4 им. А.С.Пушкина"
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №4 имени А.С.Пушкина»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-29-56
Бухгалтерия
+7(727) 337-70-86
Версия для
слабовидящих
15
май
2023

Мектеп тарихы.

1992 жылы №4 орта мектептің жанында Алматы қаласы Москва (қазіргі Медеу) ауданы әкімшілігі басшысының шешімімен гуманитарлық, эстетикалық және тілдік дайындықты жоғарылататын оқыту бағдарламасы бойынша классикалық гимназия ашылды. Сол жылдары Васендина Людмила Александровна гимназия директоры болды. Дәл оның №4-ші гимназияның оқушылары мен мұғалімдері ұжымын басқаруға деген көзқарасы оқу процесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: А.С.Пушкин атындағы №4 гимназиясы тек Алматыға ғана емес, Республикаға да танымал болды.









«Барлығы қалай басталғанын білесің бе?»

4 орта мектеп 1939 жылы декабрьда ашылды, 1944-53 жылдары әйелдер гимназиясы болды. 1949 жылы 10 февральда мектепке Александр Сергеевич Пушкин есімі берілді Гимназия  бүгінге күнге дейін ұлы орыс ақынының есімімен аталады.

Гимназияның мақтанышы 1941 жылы өз еркімен майданға аттанып, ұрыс даласынан оралмаған  түлектері мен ұстаздары: Тоня Пруцкова, Сергей Маринин, Борис Николаевич Макаров – гимназияның бас мұғалімі, Сергей Осипович Дегтяроев – тарих пәнінің мұғалімі, Константин Иванович. Чаус – сурет мұғалімі.

Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы өзінің ұстаздық ұжымымен әрқашан даңқты ардагер ұстаздардың есімдері жадымызда сақталған.

Ізбасаров Мулдажан Гораевич, Ұлы Отан соғысының ардагері, 1972-1985 ж.ж.мектеп директоры болған.

Петрова Екатерина Григоревна, мектебімізге өзінің жарқын өмірінің 40-қа жуық даңқты жылын арнаған, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Голштейн Евгения Владимировна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 20 жыл бойы тұрақты мектеп кітапханашысы, гимназия кәсіподақ комитетінің төрайымы. Евгения Владимировнаның 45 жыл бойы мектебімізге деген адалдығы қазірдің өзінде ұстаздарымызға аңыз, үлгі болып келеді.