Семинар » КГУ "Гимназии №4 им. А.С.Пушкина"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«А.С.Пушкин атындағы №4 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 386-29-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 337-70-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
желтоқсан
2023

Семинар

Алматы қаласы Медеу ауданы А.С. Пушкин атындағы № 4 гимназияда 13 желтоқсан күні "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін (Т2) оқыту арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жасанды интеллекті (ЖИ) сабақ барысында тиімді қолдану жолдары" тақырыбындағы қалалық тәжірбиелік - семинар өтті. Гимназия директоры Енсепбаева С.М. барлық ұстаздарды келе жатқан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.
Медеу ауданының білім бөлімінің басшысы Сапарова А.А. гимназияның тарихымен таныстырып білікті мамандарды атап өтті. Семинар қонақтары «Өрлеу» БА ҰО» АҚФ РКДИ аға оқытушылары, тренерлері Есентаева Айжан Идрисовна, Арзымбетова Салтанат Жасылыковна, ҚББЖТҒӘО әдіскері Акылбекова Эльмира Нургазиновна және қатысқан қала мектептерінің ұстаздары талқыланған мәселелерді жоғары бағалап, ой-пікірлерін айтты.